13:45, 25 Тамыз 2022 | GMT +5
ҚазМұнайГаз өкілі Каспий құбыр желісіндегі ақауға қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары «ҚазМұнайГаз» мұнайының жөнелтілуіне және тасымалдануына әсер етпейтінін айтты. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасы төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Самұрық-Қазына» қорының Telegram каналында өткен брифинг барысында ол бірінші жартыжылдықта Каспий құбыр консорциумымен мұнай тасымалдау көлемі 2021 жылға қарағанда өскенін жеткізді.
Айта кетейік, 22 тамызда Каспий құбыр желісінің екі кешені техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемей тұрғаны хабарланған еді.
Есте болса, осы жылдың 6 шілдесінде Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатқан болатын.
11 шілдеде Краснодар өңірлік соты Каспий құбыр консорциумы жұмысын тоқтата тұру жөніндегі шешімді өзгертіп, айыппұлға алмастырды.