«ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ қазақстандық МӨЗ-де мұнай өңдеудің соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіштері туралы хабарлайды

2010 жылы Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдеу зауытында 13,7 млн. тонна шикі мұнай өңделген, бұл жоспарлы көрсеткіштен 570 мың тоннаға немесе 4,35%-ға артық.
Бұл ретте, мұнайды нақты өңдеудің 2009 жылғы көрсеткіші 1,6 млн. тонна болып, соңғы бірнеше жылдағы өзіндік рекордты көрсетіп отыр. Айталық «АМӨЗ» ЖШС үшін - ең жоғары көрсеткіш (4,3 млн.тонна) 1996 жылдан бастап (4,45 млн. тонна), «ПКОП» ЖШС үшін (4,6 млн.тонна) - 1993 жылдан бастап (4,96 млн.тонна), ал «ПМХЗ» АҚ үшін (4,8 млн. тонна) - 1993 жылдан бастап (5,17 млн. тонна) .
ҚР МӨЗ-дерінде өндірілген өнімнің көлемі 2010 жылы 12,7 млн.тоннаны құрады, бұл жоспардан 567 млн.тоннаға немесе 4,68%-ға артық. 2009 жылмен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі 1,5 млн. тоннаға немесе 12%-ға артқан. Өнімнің барлық дерлік түрлері бойынша асыра орындау байқалады, соның ішінде дерлік АИ-92, АИ-96 маркалы бензин, дизелді отын, кокс және сұйытылған газ бар. Дайындалған өнім «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберілетін автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттарды шығаруына қойылатын талаптар туралы технологиялық регламенттің» 2-дәрежесінің талаптарына толығымен сәйкес келеді.
- «Жоғары жетістіктерге, ең алдымен, зауыттар басшылығының кәсіби шеберлігінің, зауыт жұмысшыларының үйлесімді жұмысының және ескірген технологиялық қондырғыларды уақтылы ауыстырудың, сондай-ақ жалпы технологиялық процесті жаңғыртудың арқасында қол жеткіземіз, - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» АҚ Бас директоры Данияр Берлібаев.
МӨЗ жұмысшылары одан әрі технологиялық қайта жаңарту қажеттілігіне орай туындаған процессинг ставкасын көбейту жөнінде үлкен жұмыс атқарды. Айталық, «АМӨЗ» ЖШС-да 1 тонна мұнайдыөңдеу тарифі 2010 жылы 3 360,47 теңгеден 7 462,0 теңгеге дейін өскен және «ПМӨЗ» АҚ-да осы көрсеткіш тиісінше 3 947,0 теңгеден 4 992,74 теңгеге артқан.
Энергияны үнемдеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде технологиялық жоғалту үш МӨЗ-де 0,92%.-ға төмендеген. «АМӨЗ» ЖШС-да технологиялық жоғалту ең көп қысқарған, ол 2,34%-ды құрап отыр.
МӨЗ жұмысының тиімділігін арттыру және республиканың ішкі нарығын қажетті мөлшерде жоғары сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында мынадай іс-шаралар ойдағыдай іске асырылды:
Атырау мұнай өңдеу зауытында:
- шатыр типтес моралдық әрі физикалық тұрғыдан тозығы жеткен пештің орнына ЭЛОУ-АВТ-3 П-1/1,1/2 жаңа пеші пайдалануға берілді, бұл қондырғының қуаттылығын тәулігіне 7000-7800 тоннадан 8500-9000 тоннаға дейін немесе жылына 3,5 млн. тоннаға дейін көбейтуге мүмкіндік берді;
- тауарлы бензиннің индукциялық кезеңін нормаланған көрсеткіштерге сәйкестендіру мақсатында «Агидол-12» қышқылға қарсы жапсырмасын тарту рецептурасы әзірленді. «Агидол» жапсырмасын берудің торабы мен сызбасы жасалды, бұл мұнай сапасын жақсартуға және «индукциялық кезеңді» 180 минуттен 600 минутке дейін арттыруға мүмкіндік берді;
- «ДЗп -15» қысқы дизельді отынның сапалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында қолданыстағы фракцияларды оңтайлы тарту негізінде тура айдағыш және гидротазалағыш/парафиннен айыру КГФ дайындау рецептурасы әзірленді. Дизельді отынның төмен температуралық қасиетін жақсарту үшін «Додифлоу» жапсырмасын беру және компоненттерді араластыру торабы жөнделді, бұл ДЗп маркалы тауарлы дизельді отынды дайындау кезінде ПТФ-ты минус 9°С-дан минус 15°С-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді;
- мынадай катализаторларды ауыстыру жүргізілді: гидротазалағыш/десульфуризатор 78-R-002, жоғары температуралы конвертор 78-R-003 және риформинг пеші 78-F-001 УПВ;
- вакуумдық блоктың қуаттылығын жылына 1800 мың тоннаға дейін жеткізу мақсатында ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының вакуумдық блогына қайта жаңарту жүргізілді. Аталған жұмыстарды орындау мазуттың шығуын азайтуға және нысаналы өнімдерді шығаруды көбейтуге мүмкіндік береді;
- баяу кокстеу қондырғысын қайта жаңарту жобасын (1 кезең) іске асыру нәтижесінде өндірістік қуаттылық тәулігіне 2600 тоннаға дейін, яғни 18%-ға дейін артты, К-1,2,3,4 колонналарының ішкі қондырғылары ауыстырылды;
- вакуумдық газойл мен пештік отынның резервуарлық пештері пайдалануға берілді;
- ЛГ-35-11/300-95 катализаторлық риформинг орнату үшін нафтен конверсиясы торабының Р-5 форкотакторын жөндеу жүргізілді, бұл қондырғының өндіргіш күшін 11,6%-ға, тұрақты катализаттың шығуын 10%-ға, тұрақты бастаудың шығуын 9,5%-ға артыруға мүмкіндік берді. Н2 өндірудің артуына байланысты ГОДТ КУ ГБД жүктеу 150-160 м3/сағ дейін немесе жоба қуаттылығынан 85-90%-ға артты.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында:
- риформинг орнату үшін катализаторды және жылу алмастыру жабдығын ауыстыру, бұл жоғары октанды бензинді өндіруді көбейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, 2010 жылы «ПКОП» ЖШС-да АИ-96,98 маркалы бензинді өндіру жоспарлы көрсеткіштен 60 378 тоннаға артты.
- өндірісті дамыту және шығарылатын өнімнің спектрін кеңейту мақсатында гидрокрекинг нұсқасы бойынша «ШМӨЗ жаңғырту және жаңарту жобасының» ТЭН-ін әзірлеу басталды.
Павлодар мұнай-химия зауытында:
- бензин пулының жалпы көлемінен АИ-92 бензинін өндіруді арттыру үшін өндірістік циклге «Каскад» октан арттырушы жапсырма енгізілді. Осылайша, есептік жылы аталған бензин маркасын өндіру жоспары көрсеткіштен 83 019 тоннаға артты.
- әрқайсысы 5000 мыңнан №29,5,3 үш мұнай резервуары пайдалануға берілді.
- алғашқы рет 10 жыл ішінде «ПМХЗ» АҚ мұнай битумдарын өндіруде жүз мыңыншы аралықты аттап өтті, осылайша 2010 жылы 110 834 тонна битум өндірді, оның ішінде - 97 241 тоннасы жолға арналған.
Сондай-ақ мұнай өңдейтін кәсіпорындардың табысты жұмыс көрсеткіштері ретінде өндірістегі инциденттер санын азайту екендігін атап өту қажет.
2011 жылы «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ мен мұнай өңдеуші зауыттар мұнай өңдеу көлемін арттыру мен шығарылатын өнім сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды атқаруға ниетті.
Мұнай өңдеуші кәсіпорындардың табысты жұмысының көрсеткіші ретінде өндірістегі инциденттер санының төмендеуін атап өтуге болады. Айталық, 2010 «ПКОП» ЖШС-да күрделі жөндеуге жоспарлы тоқтау ғана орын алды.