«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Норт Каспиан Оперейтинг компани» Қашаған мұнай кен орынын игерудің шығындарын азайтуға бастамашылық етті

деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазМұнайГаздың» қоғамдық қатынастар департаментіне сілтеме жасап.
Ғаламдық экономикалық дағдарыс әлемдік нарыққа елеулі ықпалын тигізді, бұл өз кезегінде жобаға қатысушылардың тиісті міндеттемелеріне белгілі бір түрде әсер етпек. Сондықтан да осы бастамашылықтың шеңберінде қолданыстағы келісімшарттарды жаңадан қалыптасқан жағдайлармен сәйкестікке келтіру үшін қажетті шаралар қабылданатын болады. Осы жағдайлар болашақ келісімшарттар бойынша одан арғы келіссөздер мен талқылаулар барысында ескерілетін болады.
Осы шешімдер Қазақстан Республикасы мен Қашаған консорциумына қатысушыларға бекітілген игеру кезеңдерін және кен орынында мұнай өндіруді бастаудың келісілген мерзімдерін сақтай отырып, жобалық шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.