«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Мәскеудегі халықаралық көрмеге өз экспонаттарын ұсынды

МӘСКЕУ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Осы жылғы маусымның 21-інде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Нефтегаз-2010» мұнай-газ кешені үшін құрал-жабдықтар мен технологиялар» 13-ші халықаралық көрмесіне (Мәскеу қ., Ресей) қатысуда.
None
None

Қызыл Преснядағы «Экспоцентр» орталық көрме кешенінде 40 елдің 1000 астам бейінді компаниясы көрмеге мұнай-газ өндіру және көмірсутектерін өңдеу, мұнай-химия өнімдерін өндіру саласындағы, сондай-ақ мұнай-газ өндірісінде қолданылатын жаңа құрал-жабдықтарды ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы күндері көрмені 20 мыңнан астам адам тамашалайды деп күтілуде.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы құрамына «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және басқалары енген барлық ірі еншілес ұйымдардың қатысуымен аумағы 130 шаршы метр болатын бірыңғай экспозицияда көрсетілуде.

Осы жылғы маусмның 22-сінде «Нефтегаз-2010» көрмесінің аясында «Жаңғырту- мұнай-газ саласының тұрақты дамуының негізгі стратегиясы» атты 8-ші Ресей мұнай-газ конгресі өз жұмысын бастады. Оның бағдарламасында Еуропалық комиссия, Халықаралық энергетикалық агенттік және газ экспорттаушылар мемлекеттерінің Форумы, салалық министрліктер, Ресей Федерациясы, Иран, Түркия, Қытай, Қазақстан Республикасы, соның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ компанияларының өкілдері сөз сөйледі.

- Жақын болашақта «ҚазМұнайГаз» Қазақстан Республикасының экономикасы үшін неғұрлым маңызды көмірсутекті шикізат қорларының өсімі, ішкі нарыққа да, шетелге де мұнай мен газ жеткізілуінің сенімді негіздегі әртараптандырылуын қамтамасыз ететін тасымал инфрақұрылымының дамуы жөніндегі ірі инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мұнай өңдеу және мұнай химиясын жаңғырту және дамыту жөніндегі жобаларға басты көңіл бөледі, - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин.

Соңғы жаңалықтар