«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жылдық есебі «Қаржылық емес сектордың үздік жылдық есебі» номинациясын жеңіп алды

деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Байқаудың мақсаты инвесторлар мен клиенттер үшін компания ақпараттарын нәтижелі ашуға ықпал ету болып табылады. Жылдық есептер байқауына ұсынылған құжаттарға құрамында корпоративтік басқару саласының білгірлері, сонымен қатар дизайн және полиграфия мамандары бар сарапшы қазылар алқасы баға берді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жылдық есебі «Қаржылық емес сектордың үздік жылдық есебі» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.
«Байқауды жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушылар мен жюри мүшелеріне алғысымды білдіремін. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін жылдық есептер байқауына қатысу өзінің ашықтығын мәлімдеу үшін ыңғайлы тәсіл болып табылады. Біз жылдық есепті жыл қорытынды шығару тәсілі ғана емес, компания стратегиясы туралы нақты ақпарат көзі, сондай-ақ оның корпоративтік мәдениет, өзінің қызметкерлеріне, қоршаған ортаға, жалпы қоғамға деген көзқарас деп есептейміз»,- деді «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Бизнесті қолдау жөніндегі басшы менеджері Серікбек Елшібеков.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жылдық есебінің негізгі тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту болды. Сонымен бірге есепте отандық мұнай-газ саласы дамуының негізгі белгілері атап өтілді.