ҚазМұнайГаздың қарызы 10 млрд АҚШ долларына жуықтады
«Соңғы 8 жылда «ҚазМұнайГаздың» қарызы екі есеге жуық азайды. 2014 жылы бұл көрсеткіш 19,2 миллиард АҚШ доллары болса, қазір шамамен 10 миллиард долларға дейін азайып отыр», - деді Д. Адиходжаев.
Оның айтуынша, қазір «ҚазМұнайГаз» өзінің қарамағындағы қажетсіз құрылымдарды жойып, еншілес және тәуелді компанияларды тікелей басқарап жатыр.
«ҚазМұнайГаз» IPO-сына қатысу арқылы адамдар мұнай өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу сияқты қызметтер ұсынатын ірі компанияның үлескеріне айнала алады. Болашақ акционерлер компания табысынан дивиденд ретінде пайда көру құқығына ие болады.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының жалпы активтері 32 млрд долларды құрап отыр. Дивидендтер төлеу мүмкіндігі мұнай бағасына байланысты болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 қарашада «Самұрық-Қазына» қоры «ҚазМұнайГаз» компаниясының өзіне тиесілі үлесінің 5 пайызын IPO-ға шығаратынын ресми жариялады.
Бұл жолғы ІРО аясында «ҚазМұнайГаз» компаниясының «Самұрық-Қазынаға» тиесілі 30,5 млн акциясы сатылады.
Бір акцияның құны 8406 теңге деп белгіленген. ІРО келесі айға дейін жоспарланған. Нақтырақ айтсақ, институционалдық инвесторлардан (заңды тұлғалар) өтінім қабылдау 9 қарашада басталып, 30 қарашада аяқталады. Ал бөлшек инвесторлардан (жеке тұлғалар) өтінім қабылдау 9 қарашада басталып, 2 желтоқсанда сағат 15.00-де аяқталады. «Самұрық- Қазына» қоры бүкіл өтінімдерді жинап, мақұлдағаннан кейін сатылған акциялар желтоқсанның бірінші онкүндігінде инвестордың шотына түседі.
Фото: kmginternational.com