«Қазмырыш-Торпедоға» голкипер Иван Базылеев қайта оралды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өскемендік жанкүйерлердің сүйікті ойыншысымен тағы да екі жылға келісімшарт жасалып отыр. Былтыр оның командадан кенеттен кетіп қалуы шығысқазақстандық жанкүйерлерді күйзелткен болатын.
Иванның айтуынша, ол ойыны қызықты көрінген «Орталық» дивизионының ресейлік клубтарында ойнағысы келген. Бірақ ол Пензада легионер болғандықтан, регламент бойынша белгіленген ойыннан артық ойнай алмаған (барлық ойынның 50 пайызы), Дегенмен, өткен маусымда жинаған тәжірибесін Иван Базылеев өте пайдалы деп санайды.
«Қазмырыш-Торпедоның» шақыруын қабылдаған голкипердің айтуынша, бұл шешімге оның «туған клубында» ойнағысы келу ниеті ғана емес, отбасылық жағдайы да себеп болған. Былтыр үйленген Иванның отбасы қазір нәресте күтуде.