«Қазпочта» АҚ пошта бөлімшелері Жаңа жылда үш күн демалады

«Қазпочта» АҚ пошта бөлімшелері, Ақша аударымдары орталығы (Астана қ.), «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Төлемдерді қабылдау нүктелері және мамандандырылған өндірістік нысаналарының жұмыс істеу уақыты демалыс күндеріне сай өзгертіледі», - делінген хабарламада. Сонымен, пошта бөлімшелері бойынша: 01-03-ші қаңтар 2016 ж. - демалыс күні; 4-ші қаңтар - жұмыс сенбілік уақыт бойынша жүргізіледі (09:00-ден 14:00-ге дейін); 7-ші қаңтар - демалыс күні. Ақша аударымдары орталығы (Астана қ.) бойынша: 31-ші желтоқсан 2015 ж. - 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс; 01-ші қаңтар 2016 ж. - 10:00-ден бастап тәулік бойы. Ал «Халыққа қызмет көрсету орталығында» орналасқан төлемдерді қабылдау нүктелерінің жұмыс уақыты ХҚКО уақыты бойынша түзіледі. Сондай-ақ, мамандандырылған өндірістік нысаналар мереке күндері өндірістік қажеттілік бойынша жұмыс атқарады.