«Қазпошта» АҚ баспасөз өнімдерін тарату қызметінің құны 10 пайызға төмендейді - ҚР Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиев

СТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесті.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында А.Жұмағалиев саланы дамыту жоспарлары, қол жеткен нәтижелер туралы айтты. Ол медиа-қоғамдастықтың қатысуымен бұрын өткізілген шаралар елдің ақпараттық нарығындағы нақты жағдайды бағалауға көмектесті, деп атап өтті. «Нарық қатысушылары мен ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің өзара іс-қимылының мұндай формасы алдағы уақытта да тәжірибеге айналады», - деді министр.

А.Жұмағалиев сондай-ақ соңғы ай бойы оның ведомствосы баспасөз өнімдерін тарату қызметтерін арзандату мәселесін шешумен айналысқанын атап өтті. Ол министрлік «Қазпошта» АҚ қызметін 10 пайызға төмендетуге қол жеткізгенін хабарлады.

Сондай-ақ министр сандық теледидарға көшу жөніндегі жұмыс және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заң жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобы қызметінің нәтиежелері туралы айтты. А.Жұмағалиев қазақстандық БАҚ сапасына баса назар аудара келіп, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының деңгейін көтеру қажеттігін алға тартты.

Бас редакторлар клубы 2007 жылғы қазанда құрылған болатын. Бұл қоғамдық, ерікті бірлестік, оған Қазақстан бұқаралық баспасөз құралдарының басшылары мен бас редакторлары кіреді. Клубтың негізгі мақсаттары мемлекетте шығармашылық ахуалды, бұқаралық ақпарат құралдары арасында салауатты бәсекелестік ортаны нығайту, БАҚ нарығын қарқынды дамыту, қоғамда тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті «ОКО» газетінің бас редакторы Болат Ережепов.

Соңғы жаңалықтар