«Қазпошта» АҚ-ы энергия қуатын үнемдеу жөнінде келісімшарт жасасты

АСТАНА. ҚАзАқпарат- «Қазпошта» АҚ энергия сервистік келісімшарттар тетігі арқылы энергетикалық сервистік жобаларды жүзеге асырады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
None
None

«2015 жылдың наурыз айында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жеке және заңды тұлғаларға арналған энергосервистік келісімшарттардың типтік үлгісін бекітті. Мұның аясында «Қазпошта» АҚ-ы «Led System Media» ЖШС-мен бірлесе отырып әкімшілік ғимаратты жарықдиодты жарықтандырумен қамтамасыз етуге қатысты энерготиімді жобаны жүзеге асыру бойынша Қазақстандағы алғашқы энергосервистік келісімшартқа қол қойды», делінген хабарламада.

Пилоттық жоба трансформация бағдарламасы аясында іске асырылуда және бас кеңсенің ішкі және сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Қолданыстағы металлогалогенді және люминесцентті шамдар мен шамшырақтар отандық өндірушінің үнемді және экологиялық жарықдиодты шамдары мен шамшырақтарына алмастырылады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бес институционалдық реформаны іске асыру мақсаттарында энергосервистік келісімшарттар қажеттілігі және ірі халықаралық ЭСКО компанияларды тарту қажеттігін Елбасы айтып өткен болатын.

«Жүзеге асыру жағынан, жобалау компаниясы электр қуатын тұтыну бойынша шамамен 140 МВт үнемдеуге мүмкіндік береді, яғни үнем көлемі жылына шамамен 2,9 млн теңге болады, себебі энергосервистік келісім-шартқа сәйкес, ЭСКО өзіне барлық шығындарды алады, өтемақы энергия үнемдеу нәтижесінде алдағы 5 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады. Болашақта компания осыған балама болатын жобаларды барлық филиалдарда іске қосуды жоспарлап отыр, мұның нәтижесінде 1800 МВт-тан аса, яғни жылына 30 миллионнан астам теңге үнемдеуге қол жеткізуге болады», - деп «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі бөлісті.

ЭСКО - энергия үнемдеу іс-шараларына инвестициялайтын, оларды жүзеге асыратын, сондай-ақ, энергосервистік келісімшарт арқылы ұзақ мерзім бойы энергоресурстарды үнемдеу есебінен салынған қаражатты қайтарып алатын инвестициялық компания.

Еске сала кетсек, «Қазпошта» АҚ-ы - пошталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстанның ұлттық пошта операторы. Компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ-ы.

Соңғы жаңалықтар