Қазпошта жеті айда 1 млрд теңге табыс тапқан

«Қазпошта қаржылық жағынан да, пошта қызметтерін көрсету сапасын жақсарту жағынан да белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінде барлық «Есіктен есікке» курьерлік жөнелтімдердің 90 пайызы 36 сағат ішінде жеткізіліп отыр. Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда бұл көрсеткіш өсіп келеді. Жол бойындағы барлық пошта жөнелтілімдерінің жай-күйін бақылау үшін онлайн мониторинг жүйесі енгізілді. Сонымен қатар Қазпошта дәстүрлі түрде электрондық коммерция мен цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөледі», – деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.
2023 жылдың 7 айының қорытындысында «Қазпошта» АҚ 1 млрд теңге мөлшерінде таза табыс алды. Бұл көрсеткішке пошта және қаржы қызметтері, есеп айырысу-кассалық операциялар, сондай-ақ қолданыстағы шығыстарды оңтайландыру шаралары есебінен кірістердің өсуі нәтижесінде қол жеткізілді. Сонымен қатар пошта байланысының 200 ауылдық бөлімшелерінде қолжетімді мемлекеттік қызметтердің тізбесі кеңейтілуде.
«Қазпоштаның үлкен әлеуметтік жүктемесі бар. Еліміздің барлық шалғай өңірін өз қызметтерімен қамтамасыз етеді. Компания қызмет көрсетілетін пошта жөнелтілімдерінің көлемін және соның есебінен кірісін көтеруде. Сонымен қатар тарифтік саясатты қайта қарау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Біз бұл процестің ұзақ уақытты алатынын түсінеміз. Акционер тарапынан жедел қолдау шараларының бірі - топтың қазынашылық операцияларының бір бөлігін пошта операторының шоттарына аудару. Бұл шара Қазпочтаға қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, ал қорға топішілік синергияны одан әрі дамытуға мүмкіндік береді», - деді «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең-басқарушы директоры Мират Утепов.