«Қазпоштаның» 20 жылдығына орай Алматыда футболдан жолдастық матч өтеді

Онда «Қазпошта» АҚ-ның Алматыдағы филиалының және «ХоумКредитБанк» АҚ-ның командалары кездесетін болады.
«Қазпошта» АҚ-ның «Алматы поштамт» филиалының директоры Бекжігіт Бекбердиевтің айтуынша, бұл олардың командалары үшін алғашқы спорттық сайыс емес. Мәселен, олар былтыр 22 қыркүйек күні өткен жарыста үшінші орын алған еді. Бұл додаға «Қазпошта» АҚ-дан, «Хабар» телеарнасынан және «НұрОтан» ХДП-дан 9 команда қатысқан болатын.
«Бұл матчтың екі команданың аяқдопшылары үшін де үлкен маңызы бар. Біріншіден, спорттық сайыс футболды тек кәсіпқойлар арасында емес қаржыгерлер мен пошташылар арасында да танымал болуына ықпал етеді. Екіншіден, Ұлыстың ұлы мерекесіне орайластырылған бұл бәсеке олардың күші мен рухын тағы бір рет сынауға мүмкіндік береді», - дейді Б.Бекбердиев.