Қазір елімізде картоптың келісі қаншадан сатылып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі картоп бағасына қатысты түсінік берді.

Шығыс Қазақстанда картоп тапшылығы жоқ
Фото: freepik.com

— Өткен апта бойы тек картоп пен сиыр еті мәселесімен айналыстым. Ештеңе жабылған жоқ, шекара ашық. 600 мың тонна картопты еш кедергісіз сата аламыз. Фермерлер табыс табуы тиіс. Сондықтан өткен аптада шешім қабылдадық, жергілікті экспорт 450 мың тоннаға жеткен кезде ғана ары қарай ойланатын боламыз. Сертификатқа байланысты түсінбеушілік болған, бәрін реттедік. Қазір картоптың бағасы 130 теңге, — деп жауап берді Серік Жұманғарин Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгінде елімізде 900 мың тоннадан астам картоп жиналды

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Жолдау барысында ауыл шаруашылығы саласына ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмағанын тілге тиек етті. 

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев қомақты қаржы бөлініп жатқанына қарамастан, аграрлық ғылымның қайтарымы әлі де төмен екенін сынға алды.

Соңғы жаңалықтар