Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

АСТАНА.KAZINFORM - Қытайдың Гуйян қаласында тамыз айында қазіргі бессайыстан 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді.

Қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының тізімі
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының атынан әлем чемпионатына тоғыз спортшы қатысады. ҚР ҰОК мәліметінше, құрама сапына мына бессайысшылар енді:

- Темірлан Абдраимов

- Лев Чувашов

- Кирилл Стадник

- Тихон Варехин

- Данил Богданов

- Ярославна Понер

- Аяна Қазбекова

- Анастасия Кочеткова

- Юлиана Петрова

Айта кетейік, әлем чемпионаты 24-30 тамыз аралығында өтеді.

Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болғанын жазған едік.