12:31, 28 Қараша 2011 | GMT +5
«KazSat-2» спутнигі Қазақстан Республикасының меншігіне берілді
ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - 2011 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі комиссиясының «KazSat-2» ғарыштық жүйесін Қазақстан Республикасының меншігіне беру жөніндегі отырысы өтті.

Комиссия «KazSat-2» ғарыштық жүйесінің жазғы сынақ жұмыстарының нәтижелерін қарады және оларды оңды бағалады. 2011 жылғы 25 қарашада «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ «KazSat-2» ғарыштық жүйесін өз мақсатына пайдалануды бастау мақсатында «М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФММ-дан алып, қабылдауды жүзеге асырды», деп хабарлады «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-ның баспасөз қызметі.
«KazSat-2» ғарыштық жүйесін меншік құқығына алу хаттамасын комиссия төрағасы «РҒБО» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов бекітті.