16:03, 28 Маусым 2016 | GMT +5
«KazSat-2» сыйымдылығын жалға беру қызметі есебінен 5 млрд. теңгеден астам сомаға импорт алмасу жүргізілді - Ж.Қасымбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KazSat-2» сыйымдылығын жалға беру қызметі есебінен 5 млрд. теңгеден астам сомаға импорт алмасу жүргізілді. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Қазақстанда ғарыш саласын құру аясында мынандай жұмыстар жүргізілді. «KazSat» хабар тарату мен байланыстың Ұлттық ғарыш жүйесін құру аяқталды. «KazSat-2» сыйымдылығын жалға беру қызметі есебінен 5 млрд. теңгеден астам сомаға импорт алмасу жүргізілді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, «KazSat-3» ғарыш жүйесін пайдалануға берудің арқасында ғарыштық байланыс қызметіндегі еліміздің ішкі сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік туды.
«KazSat-3» ғарыш аппаратының қызметін 4 хабар тарату мен байланыс операторы пайдалануда.
2015 жылы «KazSat-2» жер серігі арқылы 2,4 млрд. теңге, «KazSat-3» арқылы - 883 млн. теңге пайда түсті», - деді Ж.Қасымбек.