13:53, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
«KazSat-2» жер серігінің орбиталды сынақтары биылғы жылдың қазанында аяқталады деп жоспарлануда
АНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «KazSat-2» жер серігінің орбиталды сынақтары биылғы жылдың қазанында аяқталады деп жоспарлануда. Бұны бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев айтты.

Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, «KazSat-2» жер серігі 16 шілде күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды. Аталмыш аппараттың орбиталды сынақтарын биылғы жылдың қазан айының соңына таман аяқтау жоспарланып отыр. «KazSat-2» Ақмола облысының Ақкөл ауданында орналасқан ғарыш аппараттарын жерден басқаруға арналған кешеннен басқарылады. Осы сынақ аяқталысымен қазақстандық байланыс және хабар таратушы операторлар «KazSat-2» спутнигі арқылы жұмыс істеуді бастайды», - деді Т.Мұсабаев.