«KazSat-3» спутнигі Қазақстанның миллиардтаған қаржысын үнемдейді

«KazSat-3» ғарыштық аппаратын пайдалану импорт қызметін жылына 4 млрд. астам теңгеге (спутниктің сыйымдылығы толық пайдаланылған жағдайда) төмендетуге және мемлекеттік бюджетке салық төлемдерін арттыруға мүмкіндік береді», - деді агенттік басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, «KazSat-2» қазақстандық операторларының «KazSat-3» спутниктеріне көшуіне қолайлы жағдайлар жасау және екі спутниктің өзара резервтік сақталуы қамтамасыз етеді. «KazSat-3» спутнигін іске қосу Қазақстан Республикасын Халықаралық Электр байланысы одағында 58,5º орбиталдық шепті біздің тарапқа бекітуге мүмкіндік береді»,- деді Т.Мұсабаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 28 сәуірде Астана уақыты бойынша 10 сағ. 25 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 81 алаңынан «KazSat-3» үшінші ұлттық геостационарлық хабар тарату және байланыс спутнигі сәтті ұшырылды. «KazSat-3» спутникте Қазақстан аумағын байланыс қызметімен қамтамасыз ете алатын Ku-диапазонды 28 транспондер орнатылған. Ғарыш аппаратының жұмыс істеу мерзімі - 15 жыл.