«ҚазСат» спутнигін сақтандырған компаниямен келіссөздер жүргізілуде - Қаржы министрі

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «ҚазСат» спутнигін сақтандырған компаниямен келіссөздер жүргізілуде.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау барысында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында депутат Уәлихан Қалижан қаржы саласындағы күрделі мәселелердің бірі ретінде мемлекеттік активтерді сақтандыру шараларына назар аударған болатын. Осы ретте депутат ғарышқа ұшырылған «ҚазСат» байланыс және хабар тарату спутнигіне қатысты мәселе көтерді. «»ҚазСат» спутнигі жоғалған жағдайда сақтандыру компаниясымен 84 млрд. теңге сақтандыру қаржысы төленуге тиіс болатын. Осыдан не хабар», деді У. Қалижан.

Өз кезегінде депутаттың сауалына жауап бере келе министр Б. Жәмішев, «ҚазСат» нысаны сақтандырылғанын, қазіргі күні сақтандырушы ұйыммен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Мұндай бағыттағы келіссөздер әлі аяқталған жоқ», деді Б. Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар