Қазселденқорғау басшысы тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Аслан Сабыржанұлы тағайындалды.
Аслан Сабыржанұлы 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Әр жылдары мемлекеттік органдарда және жекеменшік құрылымдарда қызмет атқарған. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Селденқорғау Құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
Еске салсақ кеше «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Ерболат Садырбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалған еді.
Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.