«Қазтелерадиоға» жаңа басшы келді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулет тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов «Қазтелерадио» АҚ ұжымына жаңа Басқарма төрағасын таныстырды.
Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулеттің жоғары заң және экономикалық білімі бар.
- Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген (2001 ж.).
- Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған (2008 ж.).
Жалпы жұмыс өтілі 21 жылдан асты, оның ішінде телекоммуникация саласында 10 жылдан астам жұмыс істейді. Қызмет істеген жылдарында Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулет ҚР Қаржы министрлігінде, «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ (Кателко), «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеп, мемлекеттік және корпоративтік құрылымдарда басшы лауазымдарды атқарды.
2011 жылдан бастап «Қазтелерадио» АҚ-нда түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істейді, оның ішінде:
- Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қызметінің бастығы;
- Филиалдармен және мемлекеттік органдармен жұмыс департаментінің директоры;
- Басқарма төрағасының кеңесшісі;
- Мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директор.
Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулеттің тағайындалуы «Қазтелерадио» АҚ-ның тұрақты даму стратегиясын және телерадио хабарларын таратуға заманауи технологияларды енгізуді ұстанатындығын айғақтайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.