«ҚазТрансГаз» АҚ қамқорлыққа мұқтаж балаларға арнап фестиваль ұйымдастырды
Балаларға арналған концерттік бағдарлама Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне, елорададағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға арналды. Іс-шараға шақырылған 14 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 200 адамды құрайды.
Бағдарламада жасы ересек және кіші балалар қоры, бишілер және өлең шығарғыш балалар өнер көрсетті. Бұдан басқа, түрлі ұлт: қазақ, орыс, корей, кавказ, өзбек, неміс мәдениетінің 6 әуенінен құралған жаппай костюм киген бишілер нөмірі бағдарламаның көзайымына айналды. Ойын-сауық іс-шарасынан бөлек, кішкентай көрермендер үшін тағы бір тосынсый - арнайы сыйлықтар (сағат, жастық, жұмсақ ойыншықтар және тәттілер) және Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі халықтың тағамдарынан жасалған мол дастархан дайындалған.
Кәсіпқой хореографтар, бағдарламаның сценарийшісі мен режиссері, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері қатарынан шыққан белсенділер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға көмектесті.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның басқарма мүшесі Ботагөз Байбатырова сөйлеген сөзінде: «Өскелең ұрпақ, жас қазақстандықтар әртүрлі халықтың дәстүрлері мен мәдениетін біліп, құрметтеуі қажет. Халықтар достығы мен келісім - мемлекетіміздің іргетасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнап тұр. Еліміздің ірі компаниясы ретінде біз бұған ерекше көңіл бөлеміз. Бүгінгі бірегей фестивальда әртүрлі отбасының балалары жандарында кімнің бар екенін білді, қазақстандықтар - мемлекеттілігіміздің белгісі ғана емес, біртұтас өмір салты екенін де түсінген болар деп сенемін», - деп атап өтті.
Өз кезегінде, мерекелік іс-шараның қатысушыларына айналған балалар Жаңа жыл қарсаңында мерекені сезінуге және үлкен сахнада өз таланттарын көрсетуге мүмкінік берген «ҚазТрансГаз» компаниясына өздерінің ризашылығын білдірді.