20:49, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
«ҚазТрансГаз Аймақ» ШҚО филиалының басшысы пара алды деп айыпталуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Қаржы полициясы департаменті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның өндірістік филиалының директорына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол ҚР Қылмыстық Кодекстің 311-бабының 1-бөлігі бойынша пара алды деп айыпталуда. «2014 жылғы 17 наурызда ол Зайсан қаласына газ өткізу құбырларын орнатқан кезде қолдау көрсеткені үшін «АқтасЖерЖобаҚұрылыс» ЖШС-ның өкілінен 107 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталды», - дейді баспасөз қызметінің қызметкерлері.
Әзірге қаржы полициясының қызметкерлері істің егжей-тегжейін хабарламай отыр. Айта кетейік, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ - елдің 9 газдандырылған өңірлерінің 8-інде тарату және магистралдық құбыр жолдары арқылы газ тасымалдайтын ірі газбен жабдықтаушы компания. Оның жалғыз акционері «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ еншілес құрылымы «ҚазТрансГаз» АҚ болып табылады.