17:56, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
«ҚазТрансОйл»-дың акцияларын халықтық IPO бағдарламасы бойынша сатып алуға 56 млрд. теңгеден астам сомаға өтініш түсті
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл»-дың акцияларын халықтық IPO бағдарламасы бойынша сатып алуға 56 млрд. теңгеден астам сомаға өтініш түсті. Бұл туралы бүгін Үкіметте «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Оның айтуынша, тұңғыш рет өткізіліп отырған халықтық IPO бағдарламасы өте сәтті өтті. «Алғашқы болжам бойынша «ҚазТрансОйл»-дың 28 млрд. теңге көлеміндегі акциялары сатылымға шығарылады деп есептелген. Алайда, бүгінде 56 млрд. теңгенің өтініші түсіп отыр. Яғни, сұраныс ұсыныстан екі есе артып түсті деп айтуға болады»,-деді Ө. Шөкеев.
Оның мәліметінше, зейнетақы қорлары 37,3 млрд. теңгенің, ал жеке тұлғалар 18,6 млрд. теңгенің акцияларына өтініш берген.