ҚазТрансОйл Германияға жеткізілетін мұнайды қабылдай бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 23 ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі Германияға тасымалданатын қазақстандық мұнайды қабылдай бастады. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай «ҚазТрансОйл» ақпан айында 20 мың тонна көлеміндегі қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізеді.

2022 жылдың желтоқсанында «ҚазТрансОйл» 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Айта кетейік, біз бұған дейін Германияға экспортталуы тиіс 20 мың тонна мұнайдың әлі жөнелтілмегенін хабарлаған едік.

Кеше, 22 ақпанда Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнайдың алғашқы партиясы ақпанның соңына дейін Германияға жеткізілетінін айтып уәде берді.

Жалпы Энергетика министрлігі Германияға жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай алатынымызды мәлім еткен.


Соңғы жаңалықтар