«ҚазТрансОйл» таза пайдасын 2,5 еседен астамға арттырды

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) таза пайдасы ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 50,9 млрд. теңге болды, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.
None
None

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңіндегіден 178%-ға көп.
Бұл жерде алдын-ала шоғырландырылмаған деректер жайлы сөз болып отыр.
Негізгі қызметтен түскен кірістер 42%-ға өсіп, 125,9 млрд. теңгеге жетті. Осы уақыт ішінде 39,6 млн. тонна мұнай тасымалданған, бұл өткен жылғы деңгеймен бірдей. Ал мұнайдың жүк айналымы 27,9 млрд. тонна-шақырым болды, бұл 2012 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 9%-ға жоғары.
ҚТО менеджменті «келешекте де өндірістік қызметінің жоғары стандартын демеуге әрі өзінің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін барлық күш-жігерді жұмсауға ниетті» екендіктерін атап өтуде.

Соңғы жаңалықтар