Қазцинктегі жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Өскемен қаласында «Қазцинк» ЖШС-дағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды.

Алматыдағы ауруханада 100-ден астам құрылғы тексерусіз іске қосылған
Фото: Pexels

Бұл туралы «Қазцинк» компаниясынан мәлім етті.

- Жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Компания қаза болған қызметкердің отбасына қажетті қолдау көрсетіп жатыр, - делінген хабарламада.

Бүгінде өндірістік алаңда апат салдарын жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасып жатыр.

- Қазіргі уақытта Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарындағы өндірістік қуатты уақытша төмендетіп жұмыс істеуде, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, бұған дейін Өскемендегі кәсіпорында жарылыс болғаны хабарланған. Соның салдарынан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шекті

Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі жарылысты жеке бақылауына алды.

Жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады