ҚазҰМУ-де ІІ Халықаралық қысқы мектеп өз жұмысын бастады

АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері: жастар денсаулығын сақтау мен нығайту» атты дәстүрлі ІІ Халықаралық қысқы мектептің ашылу рәсімі өтіп, «ҚР жастарының денсаулығын сақтау мен нығайту» тақырыбында семинар-тренингі болды.
None
None

Оны Халел Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі мен Дәлелдеме медицинасы орталығы және «Денсаулық сақтау саясаты мен басқармасы» кафедрасы бірлесе ұйымдастырып отыр. Шараның басты мақсаты - заманауи технологияларды пайдалану және халықаралық білім беру кеңістігіне бірігу арқылы студенттердің, медициналық жоғарғы оқу орындарының дайындығын жоғарылатуды көздейді.

Ашылу салтанатына қатысқан университет ректоры Айқан Ақанов студенттердің қазіргі замандағы денсаулық сақтау мәселелерін шешудің негізгі ұстанымдарын үйренуге үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

Сондай-ақ, семинарға UNIСEF және USAID ұйымдарының ҚР-дағы өкілдері қатысты. «Бүгінде медициналық ақпараттың жаңаруы мен ғаламдануы қарқынды жүріп жатыр. Осыған байланысты қоғамдық денсаулық сақтау саласында студенттердің білімін кеңейту өте маңызды», - деді UNIСEF-тің ҚР-дағы өкілі Ханаа Сингер.

ІІ Халықаралық қысқы мектеп семинарлары 28 қаңтарға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар