ҚазҰТУ мен Коларадо тау-кен мектебінің студенттері бірлескен оқу тәжірибесін өткізді

АЛМАТЫ.Шілденің 4-і.ҚазАқпарат/Ербол Азанбек/-Елімізде алғаш рет Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенттері мен АҚШ-тың Коларадо тау-кен мектебінің студенттері геология саласы бойынша бірлескен оқу тәжірибесін өткізді. Бұл туралы бүгін арнайы өткен  баспасөз мәслихатында ҚазҰТУ өкілдері айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәжірибе «Шеврон» компаниясының қолдауымен өткізілген. Тәжірибе жұмыстары студенттер мен магистранттардың қатысуымен Кіші Қаратау және Теңіз кен орнында өткізілген. Оған ҚазҰТУ тарапынан 13 студент пен 5 оқытушы, Коларадо тау-кен мектебінен 10 студент пен магистрант қатысқан. Олардың ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан 2 жерлесіміз бар.

Коларадо тау-кен мектебінің геология және геологиялық инженерия факультетінің деканы Джон Хамридің айтуынша, бұл тәжірибе студенттерге үлкен сабақ болған. ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әділовтың айтуынша, әлемдік оқу орындарымен бірлескен тәжірибе өткізу жақсы нәтиже береді. «Сондықтан бұл дәстүрге айналуы керек»,- деді Ж.Әділов.

Соңғы жаңалықтар