ҚазҰУ бұрынғы оқытушысы алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

АЛМАТЫ. 22 тамыз. ҚазАқпарат - 2008 жылы университет студенттерінің бірінің шағымдануымен 1970 жылы туған әйел оқытушы жұмыстан шығарылған болатын. Онда ол студентке жатақханадан бөлме алып беруге уәде беріп, ақша алған, деп хабарлады Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінен.

ҚазҰУ бұрынғы оқытушысы алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

Биылғы жылы алаяқ әйелге қатысты арыздар Алмалы АПБ-не түсе бастаған. Бүгінде оның атына алаяқтыққа қатысты шамамен 4 миллион теңге сомасындағы 9 шағым түскен.

Белгілі бір сомаға ол талапкерлердің грантқа түсуіне, ал бакалаврларды магистратураға түсуіне немесе сессияны «жабуға» уәде беріп отырған. Ақшаны алғаннан кейін, ол бірден ізін суытқан.

Алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қазір Алматы қаласаның ІІД уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Оған қатысты арыздар әлі де түсіп жатыр.