ҚазҰУ-да тұңғыш деканның атындағы дәрісхана ашылды

Зерттеу институттары мен талдау құрылымдарының, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері және факультет түлектері қатысқан еске алу шарасында факультеттің үздік студенттеріне Гүлжауһар Жамбатырова атындағы 4 атаулы шәкіртақы берілді. Алдағы уақытта ол жыл сайын беріліп тұрмақ. Конференция кезінде сондай-ақ, факультетте тұңғыш декан атындағы дәрісхана ашылды.
«Гүлжауһар Шағатайқызы өрелі ғалым, білікті факультет басшысы ғана емес ардақты ана, өнегелі отбасы иесі ретінде де баршаға үлгі-өнеге болды. Тынымсыз қауырт жұмысына қарамай, студенттік ғылыми жұмыстарға бағыт-бағдар сілтеп, шәкірттеріне ақыл-кеңесін беруге де уақыт таба білетін», - дейді ғалымның шәкірт-аспиранты, доцент Бақыт Бөжеева. Оның айтуынша, Г. Жамбатырованың еңбектерінің ішінен, Қазақстанда халықаралық қатынастар мамандығының негізін салуы мен білім беру және ғылыми зерттеу бағытын ерекше атап өтуге болады. Онда әріптестері, шәкіртері Гүлжауһар Шағатайқызының адамгершілігін, терең білімі мен бай мінезін және жауапкершілігін, тұлғалық өзге де ізгі қаситеттерін ілтипатпен еске алды.