ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов АҚШ-тағы іссапары аясында бірнеше кездесу өткізді

МАТЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ректоры Ғалым Мұтанов АҚШ-тағы іссапары аясында бернеше кездесу өткізді,
None
None

деп хабарлайды аталмыш оқу орнының баспасөз қызметі.

Алдымен еліміздің жетекші білім ордасының басшысы Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімованың қабылдауында болды. Онда БҰҰ-ның өзекті күн тәртібіндегі білім кластері талқыланды.

Қазақстандық делегация сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның Нью-Йорктегі байланыс бюросында болып қайтты. Кездесуде ҚазҰУ мен ЮНЕСКО-ның байланысы, Орталық Азия университеттерінде ғылым, білім жобаларын ұйымдастыру барысы қаралды.

ҚазҰУ-дің БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасына қатысуын кеңейту оның жетекшісі Раму Дамодаранмен әңгімелесу кезінде қозғалған ауқымды тақырып болды. Естеріңізге сала кетсек, «Академиялық ықпал» жобасы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның бастамасымен 2010 жылдың қарашасынан бастау алып келеді. Ол әлемнің 90 елінен 500-ден аса жоғары оқу орнының басын біріктіреді. Кездесу барысында Раму Дамодаран университет ұжымын аталмыш жобаға қатысуымен құттықтап: «Сіздердің университеттеріңіз әзірге Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында бұл жобаға қатысып отырған жалғыз университет. ҚазҰУ Қазақстанның жетекші ғылым және білім орталығы ретінде адам құқығы, сауаттылық, тұрақты даму, қақтығыстарды шешу және бейбітшілікті сақтау, халықаралық диолог сияқты өзекті тақырыптарды дамытуды өз жауапкершілігіне алып отыр. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деп атап өтті.

Өз кезегінде Ғалым Мұтанов: «Бұл бағыттағы жұмыс ҚазҰУ мен әлемнің жетекші жоғары оқу орындары арасында тығыз халықаралық әріптестікті қажет етеді. Америкалық университеттермен бірлескен ғылым, білім зерттеу және инновациялық жобаларды дамыту біздің сапарымыздың басты мақсаты болып табылады», - деді.

17 қарашаға дейін жалғасатын сапар барысында ҚазҰУ ректоры АҚШ-тағы Қазақстан Елшісі Ерлан Ыдырысовпен, ЮНЕСКО-ның Нью-Йорктағы байланыс бюросының директоры Филлип Криделькомен кездесіп, ғалымдар мен студенттер алдында дәріс оқымақ.

Соңғы жаңалықтар