ҚазҰУ түлегі студенттерге шәкіртақы бөлді

/strong>Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - ҚазҰУ-нің түлегі, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімі мен ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы төралқасының мүшесі Құралбек Құлажанов ғалымдар Б.А. Бірімжанов пен Д.В. Сокольский атындағы шәкіртақыға демеуші болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мен шетелдегі ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының барлық мүшелері туған университетінің беделін арттыруда жан-жақты қарым-қатынастар орнатып, нығайтуда атсалысып келеді.

Қ. Құлажанов ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 26 жыл бойы ҚазМУ-дің химия факультетінің деканы болып қызмет еткен ғылым қайраткері Батырбек Бірімжановтың шәкірті болған. Сонымен қатар оның ғалым болып қалыптасуына ҚР ҰҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері, ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткер Дмитрий Сокольский көп ықпал еткен. Ұстаздық ұлағаттың құрметіне Құралбек Құлжанов екі шәкіртақыны қатар тағайындап отыр.

Жиын салтанатты түрде өтіп, Д.В. Сокольский атындағы шәкіртақыны ҚазҰУ-дың магистранты Индира Желдібаева иемденді. Ол осы оқу орынын «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.

Ал Б.А. Беремжанов атындағы шәкіртақыны химия факультетінің 3-курс студенті Салтанат Нұрбосынова алды. Ол «Табиғи бірлестіктер химиясы» бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Ай сайын берілетін шәкіртақының көлемі жиырма бес мың теңгені құрайды. Марапаттау рәсімінде академик Қ. Құлажанов қауымдастықтың алға қойған мақсаттарын толықтай құптайтындығын мәлімдеді.

Құралбек Сәдібайұлы - химиялық және азық-түлік технологиясы саласындағы ірі зерттеушілердің бірі, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Халықаралық және Ұлттық инженерлік академиясы мен Қазақстандағы Халықаралық және Ұлттық ғылым академиясының жоғары мектебінің академигі, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі (академик), Андонг ұлттық университеті (Оңтүстік Корея) мен Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры. 1996 жылдан бастап Алматы технологиялық университетінің ректоры болып жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар