Қазығұрт ауданында 2 ауылдық мәдениет үйін жөндеу үшін 124 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазығұрт ауданында 2 ауылдық мәдениет үйін жөндеу үшін 124 млн. 223 мың теңге қаржы бөлінді.
None
None

«Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 мәдениет үйіне толықтай жөндеу жұмысын жүргізу, ауылдық клубтарды салу үшін жобалық-сметалық құжат жасау жоспарланған. Сондай-ақ, биыл С.Рахымов ауылдық округіндегі Көкбел ауылында мәдениет үйін пайдалануға беру жоспарланған. Оның құрылысына 171,9 млн. теңге жұмсалды. Оған мереке және жиналыс кезінде 200-дей адам сиып кетеді. Мәдениет үйінің орналасқан орны да ауылдың дәл ортасы - ыңғайлы жерде.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданында 1, ауылдық жерлерінде 6 мәдениет үйі, 17 ауылдық клуб және 23 кітапхана жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар