Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 26 маусым күні өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Жоғарғы соты республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастыруда, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ертең, 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді.
«Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады»,-делінген хабарламада.
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың және «Хабар» агенттігінің YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.
Сондай-ақ, экс-шенеуніктің мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін бе, деген тақырыпта шолу жасаған едік.
Осыған дейін Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сатыдағы сот отырысы тікелей эфирде өтетінін жазған болатынбыз.