ҚБТУ әлемдегі ең ірі ғылыми-зерттеу институттар орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 наурыз күні Германиядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Фраунхофер Қоғамы және Қазақстандық-Британиялық техникалық университеті (ҚБТУ) арасында виртуалды инженерия бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
None
None

Магдебург қаласында өткен кездесуге «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» (ТДҰА) басқарма төрағасының міндетін атқарушы Санжар Ізтілеуов пен ҚБТУ ректоры Искандер Бейсембетов бастаған қазақстандық делегация барды. Меморандум мақсаты - ҚБТУ базасы негізінде «ТДҰА» АҚ қаржылық қолдауымен және Фраунхофер Қоғамының мықты технологиялық әлеуетін белсенді тарту арқылы виртуалды инженерия орталығын құру. Меморандум 2012 жылы ақпан айында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Германияға ресми сапары барысында қол қойылған шикізат, өнеркәсіп және технологиялық шеңбердегі әріптестік жөніндегі үкіметаралық келісімінің жүзеге асуына маңызды үлес қосады. Фраунхофер қоғамы - әлемдегі ең ірі ғылыми-зерттеу институттарының орталығы. Қазіргі уақытта институттың 17 мыңға жуық қызметкері 80 ғылыми ұйымда, соның ішінде Германияның 40 қалаларындағы 59 институтында және АҚШ, Еуропа, Азия елдеріндегі филиалдар мен өкілдіктерінде шоғырланған.

Соңғы жаңалықтар