17:48, 04 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Kcell мен Аctiv абоненттері уақытша байланыссыз қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Kcell мен Аctiv ұялы байланысынан ақау шықты. Бұл ақпаратты аталған байланыс компаниясының баспасөз қызметі растады.

— Қысқа уақыт ішінде деректі жіберу жылдамдығының төмендеуі байқалды. Сағат 16:15–те желінің жұмысы толық қалпына келтірілді. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз, — делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, Activ және Kcell ұялы байланысынан ақаудың шығуы бірінші жағдай емес.
Былтыр Kcell ұялы байланысынан ақау шығып, интернет нашарлаған еді.
Биыл көктемде KCell, Tele2, Beeline компанияларының үстінен тариф көтеру туралы «сөз байласу» күдігімен тексеру жүргізілді.