ҚДБ 2016 жылдың 26 қазанынан бастап ШЫҰ Банкаралық бірлестігіне төрағалық етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы Банкаралық бірлестігі (ШЫҰ БАБ) Кеңесін 2016 жылдың 26 қазанынан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев басқарады, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
None
None

ҚДБ-де мәлімдегендей, сайлау рәсімі Ташкент қаласында биылғы жылдың 23 маусымында ШЫҰ БАБ Кеңесінің кезекті он екінші отырысында өтті. ҚДБ Бірлестік Кеңесіне 2017 жылдың 25 қазанына дейін төрағалық етеді.

«Біз «Қазақстанның Даму Банкінің» ШЫҰ Банкаралық бірлестігіне төрағалық ететін кезеңін инвестициялық жобаларды қаржыландырудағы өзара іс-қимыл бастамалары түрінде іс жүзіндегі қамтумен толтыруды көздейміз, олар Ұйым кеңістігіндегі, Жібек жолының Экономикалық белдеуін дамытудағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту ісіне өз үлесін қосады», - деп баса айтты ҚДБ басшысы Б.Жәмішев.
Өзбекстанның сыртқы экономикалық қызметі Ұлттық Банкінің төрағалығымен өткен ШЫҰ БАБ отырысы барысында Б.Жәмішев шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларды қолдау Бағдарламасын назарға ұсынды, ол ҚДБ тарапынан қазақстандық тауарларды импорттаушы компаниялардың банктері болып табылатын ШЫҰ БАБ қатысушы-банктерді қаржыландыруды көздейді. 

Ұсынылған өзара іс-әрекет сызбасы жеткізілген тауарға аккредитивтік ақы төлеу әдісімен, сондай-ақ «ҚазЭкспортГарант» АҚ-ның («Бәйтерек» Холдингінің еншілес құрылымы) пайда болған тәуекелдерін сақтандыруға қатысуды жоспарлайды.

Бағдарламаға сәйкес ҚДБ тарапынан қарыз қаражатын ұсыну 9 жылға дейінгі мерзімді құрайды, несиелеу валютасы - АҚШ доллары, бір мәмілеге қаржыландыру лимиті серіктес банкке байланысты 10 млн-нан бастап 50 млн АҚШ долларына дейін құбылады. 

ҚДБ басшысы сондай-ақ Бірлестіктің жаңа орта мерзімді даму Стратегиясын (2017-2024 жж.) бекіту, ШЫҰ кеңістігінде және Азия өңірінде әрекет ететін халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл, мүше-мемлекеттердің және ШЫҰ диалогы бойынша серіктестердің қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтуді қоса алғанда, ШЫҰ БАБ қызметінің 2017 жылғы басымдықты бағыттарын белгіледі.

Отырыс барысында ШЫҰ БАБ қатысушы-банктері арасындағы инвестициялық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.
ШЫҰ БАБ Кеңесі Моңғолия Даму банкіне (Development Bank of Mongolia) Бірлестіктің серіктес-банкі мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар