12:42, 20 Мамыр 2009 | GMT +5
Кеден бекетінде «Доңыз тұмауының алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті - Маңғыстау облысы
АҚТАУ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - «Жаңаөзен» кеден бекетінде ішкі экономика қызметі мен брокерлік компаниялар өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуымен «Доңыз тұмауының алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мұндағы мақсат - Мексика және АҚШ-та доңыз тұмауының H1N1 түрінің шығуына байланысты, осы ауру қоздырғыштарының ел аумағына келуіне жол бермеу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Кеден бекеттері арқылы импорттаушы елдердің ішінде ТМД елдерінің үлесі 84,9 пайыз болса, соның ішінде Ресейдің үлесі - 74,4, ал Азия елдерінің үлесі - 12,9, Еуроодақ елдерінің үлесі - 1,6, Канаданың үлесі 0,6 пайыз», - дейді Жаңаөзен бекетінің жетекшісі Марат Жаркеткенов.
Кездесуге қатысушылар Мексика мен АҚШ-тан келген тауарлардың кедендік рәсімделуіне және ішкі тасымалына ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды аумақтық органдармен тығыз байланыста қадағалауды күшейтуге келісті.