Кеден комитетінің бұрынғы басшысы С. Баймағанбетовті колониядан Қарағандыдағы түрмеге ауыстырды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Пара алғандығы үшін сотталған Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағанбетовті оның ұрып-соғу фактісі бойынша өтініші негізінде қылмыстық істі тергеуге байланысты АК-159/6 колониясынан Қарағандыдағы түрмеге ауыстырды.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Мұхамедкәрім Бектұрсынов хабарлады.

«Қылмыстық істі прокуратура қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы С. Баймағанбетовтің барлық дәлелдерін толықтай, жан-жақты және объективті тексеру мақсатында қозғады. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар тергеу жүргізуде», - деді бүгін брифингте М. Бектұрсынов.

Ол қылмыстық іс ҚР ҚК 307- бабы - «Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану» бойынша қозғалғанын нақтылады.

«Іс Баймағанбетовтің айғақтарында 2013 жылы қаңтарда және осы жылғы сәуірде орын алған екі факті бойынша тергелуде», - деді арнайы прокурорлар басқармасының бастығы.

Бұл ретте ол сот-медициналық сараптама Баймағанбетовтен қандай да бір дене жарақаты табылмағанын мәлімдеді.

«Қазір тергеу арқылы Баймағанбетовтің барлық дәлелдері тексерілуде. Әзірге ешкім айыпталған жоқ. Тергеу нәтижесі бойынша анықталатын болады», - деп атап өтті М. Бектұрсынов.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, ҚАЖК жеке қауіпсіздік қызметі Баймағанбетовтің шағымы бойынша тексеру жүргізді, оның нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.

«Істі тергеу үш айға созылды. Алдағы тергелетін әрекеттер көлемі де ауқымды. 20 маусымнан бастап алдын ала тергеу кезеңінде Баймағанбетовті АК-159/6 колониясынан Қарағанды қаласы № 16 тергеу оқшаулағышына ауыстырды», - деп хабарлады арнайы прокурорлар басқармасының бастығы.

Еске сала кетейік, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы С. Баймағанбетовке 2013 жылғы қаңтарда пара алғаны үшін қатаң режімдегі колонияда жазасын өтеу үкімі кесілген. 2013 жылғы қаңтарда бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері қамалатын Қарағанды облысындағы АК-159/6 түзеу мекемесіне жіберілген.

Соңғы жаңалықтар