Кеден одағы аясында Қазақстанда өндірістерді ұйымдастыру өте маңызды - Түркия Президенті Абдолла Гүл
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің барлық байланыстарымыз стратегиялық көзқарас форматында нығайып келе жатыр. Атап айтқанда, екіжақты қарым-қатынастарға тоқталсақ, яғни саяси тұрғыда байланыстар өте жоғары деңгейде», деп атап өтті Түркия басшысы.
Экономикалық салада ынтымақтастыққа тоқталған А.Гүл, алдағы мақсат - екіжақты сауда айналымын 10 млрд. АҚШ долларына жеткізу екендігін атап өтті.
«Тек саудада ғана емес, сонымен қатар өндіріске де баса назар аудару керек. Сол себепті түрік фирмаларының Қазақстанда инвестиция жасауын ынталандыру қажет», деді Түркия Президенті.
«Қазақстан, Ресей және Беларус бірлесіп Кеден одағын қалыптастырды. Сол себепті Қазақстанда өндірістерді ұйымдастыру өте маңызды. Мен қысқа уақыт ішінде екі ел арасындағы инвестицияның одан әрі көбейетініне сенімдімін», деді А.Гүл.