07:58, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Кеден одағы аясында сауда көлемі жеті ай ішінде 1,9 млрд. теңгеден асты - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. 3 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Кеден одағына кіретін елдермен өзара сауда көлемі жеті ай ішінде 1930,4 млн. долларды құрады, деп хабарланды статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Сауда операцияларын 838 заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлер жүзеге асырды.
Облысқа 1253,9 млн. долларға тауар әкелінді, облыстан 676,5 млн. доллардың тауары экспортталды.
Өзара сауда құрылымында өңірде импорт басым болды - 65 пайыз.
Кеден одағы елдерінен облысқа көбіне минералды азық-түліктер, көлік, жабдық пен механизмдер әкелінді. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына минералды азық-түлік, бағалы емес металдар мен бұйымдар, химиялық тауарлар экспортталды.