Кеден одағы баж салығының жалпы көлемінде Қазақстанның үлесі 7,69 пайызға дейін ұлғайды - Өмірзақ Шөкеев

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Кеден одағы баж салығының жалпы көлемінде Қазақстанның үлесі 7,69 пайызға дейін ұлғайды.
None
None

Бұл туралы ҚР бірінші вице-премьері Өмірзақ Шөкеев Кедендік одақтың үкімет басшылары деңгейіндегі жоғары органның отырысы қорытындысы бойынша өткен брифингіде мәлімдеді.

Ө.Шөкеев бұрын Кеден одағы аясындағы баж салығының жалпы көлемінде Қазақстанның үлесі 7,33 пайыз болғандығын еске салды.

«Қазір мамандар қарапайым арифметика бойынша Қазақстанның енді 7,69 пайыз алатындығын есептеп шығарды. Бұл өте түсінікті және дәлелденген көрсеткіш», - деді ҚР бірінші вице-премьері.

Соңғы жаңалықтар