Кеден одағы ықпалдастықтың табысты үлгісі - Еуропалық қайта құру және даму банкі

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері құрған Кеден одағы ықпалдастықтың табысты үлгісі болып табылады. Бұл туралы Астанада ЕҚДБ бас экономисі Эрик Берглов таныстырған «Өтпелі үдеріс туралы баяндама» қорытындысы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

ЕҚДБ экономистерінің пікіріне қарағанда, Ресей, Беларусь пен Қазақстанның Кеден одағын құруы Қазақстан мен Беларустың Қытаймен және Еуроодақпен саудасына кері әсерін тигізуіне қарамастан, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасындағы өңірлік экономикалық ықпалдастықтың алғашқы табысты үлгісі болып табылады.

Осы тұрғыда арналған зерттеу Еуразия экономикалық қоғамдастығы аясында құрылған жаңа Кеден одағы бірыңғай кедендік тарифті енгізгеннен кейінгі соңғы екі жылда қол жеткізілген алғашқы нәтижелерді анықтады.

«Өтпелі үдеріс туралы баяндамада» 2012 жылғы «Трансшекаралық ықпалдастық» құжатында ЕҚДБ ықпалдастық үдерістердің жалпы экономикалық тиімділігіне баға береді, ал жеке тарауында құрылуы ұсынылып отырған Еуропалық банк одағының және ЕҚДБ операциялары жасалатын өңірдің қалған елдеріне әсер етуі мүмкіндігіне тиісті талдауы қамтылған екен.

Атап айтқанда Беларусь, Қазақстан мен Ресей арасында Кеден одағын құру туралы уағдаластыққа 2009 жылғы қарашада қол жеткізілген болатын. Осы одақ ұсынатын игіліктердің көпшілігі іс жүзінде әлі жүзеге асырылуы тиіс екендігіне қарамастан, бірыңғай кедендік тарифті енгізу және тарифтік емес кедергілерді төмендету одақтың осы үш мүшесінің арасындағы ішкі сауда қатынастарына да, әлемнің басқа елдерімен сыртқы байланыстарына да қазірдің өзінде әсер етіп отырғаны анық жайт.

ЕҚДБ экономистерінің пайымдауынша, кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте экономикалық ықпалдастыққа қол жеткізуге ұмтылыстар, мәселен, ТМД шеңберіндегі еркін сауда аймағы туралы шарт жасасу арқылы ұмтылыстар тәжірибеде нақты бір ықпалдастыққа әкелген жоқ. Сонымен қатар, Кеден одағын құру - сауда саласындағы ықпалдастық үдерістер тетігін іс жүзінде іске қосуға, әсіресе тарифтік емес сауда кедергілерін төмендетудің арқасында мүмкіндік берді. Болашақта бұл одақ трансшекаралық инфрақұрылымды жетілдіру және институционалдық тетіктерді нығайту сияқты пайдалы тұстарды қамтиды.

Одақ құрылғаннан кейін осы үш ел арасындағы сауда айналымының көлемі екі есеге ұлғайды. Бұл көрсеткіштің артуы негізінен елдердің дағдарыстан кейін экономикалық тұрғыдан қалпына келулерінің, сондай-ақ тарифтік емес кедергілерді төмендету және белгілі бір дәрежеде бірыңғай кедендік тарифті енгізудің арқасында орын алды.

Бұл баяндамада аталған елдерде тарифтік емес кедергілер дәстүрлі түрде сауданы дамыту жолындағы айтарлықтай тосқауыл болғандығы айтылады. Мәселен, тауарларды шекара арқылы тасымалдау кезінде кедендік рәсімдерден өту уақыты. Баяндамадан белгілі болғандай, мұндай тарифтік емес кедергілер, мысалы әкелу баждары сауданың жай-күйіне дәстүрлі тарифтерге қарағанда анағұрлым күштірек әсер етеді.

Бұдан басқа, Беларусьтан, Қазақстан мен Ресейден экспорттың құрылымы өңірлік экономикалық ықпалдастық аясында әлемнің қалған елдеріне тауарларды экспорттау үшін плацдарм қызметін атқара алады деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Қосылған құны жоғары, бастапқыда осы өңірлік блок шеңберінде экспортталған тауарлар болашақта басқа межелі пункттерге экспортталуы мүмкін.

Бұған қоса баяндамада атап көрсетілгендей, Беларусь пен Қазақстанда бірыңғай кедендік тарифті енгізу - осы екі елдің Қытаймен және болмашы деңгейде Еуропа одағымен сауда айналымына кері әсерін тигізген (ол белгіленген тауарлар импортының көлемдері орташа есеппен 2-3 пайызға төмендеген). Қазақстан Ресейден тауарлар импортын ұлғайтқан, өйткені Қытайдан тауарлар импорты қымбатқа түскен.

Бүгінгі күні бірыңғай кедендік тарифті енгізудің арқасында сауда айналымын жандандыру тұрғысынан Кеден одағының жағымды әсерін, яғни, Кеден одағын құру нәтижесінде көптеген тасымал баждарының мөлшерлемелерін Ресей ғана сезініп отыр.

Айта кетейік, ЕҚДБ экономистері Еуразия экономикалық одағында туындауы мүмкін, оның ішінде ұлттық институттарға қарағанда басқарудың анағұрлым жетілдірілген тетіктеріне ие ұлттықтан жоғары құрылымдарды құру кезінде болуы ықтимал тәуекелдер туралы ескертіп отыр.

Соңғы жаңалықтар