Кеден одағын құру аясында еліміздің оңтүстік аймақтарының кеден шекараларын нығайту шаралары жүргізілуде

КБД бастығының хабарлауынша, «Қорғас» кеден бекетінің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайту мақсатында Панфилов ауданындағы Қорғас ауылында кеден органдарының қызметкерлеріне арналып үш 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр. «Аудан әкімдігі құрылысқа қажетті жерді бөліп те қойды, қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттар дайындалу үстінде. 2011 жылға «Қорғас» кеден бекетін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың желтоқсан айында тапсыруға берілуі жоспарланып отырған екі 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын», - деп атап өтті Қ.Артықбаев.
Департамент басшысы атап өткендей, «Қалжат» кеден бекетін нығайту да кең ауқымда жүргізілуде. Бұл мақсатта кеден органдары қызметкерлеріне арнап 20 үйден тұратын коттедж қалашығын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, кеден бекетінің инфрақұрылысын жақсарту үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.