11:31, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Кеден одағын құру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды - К.Мәсімов
АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Кеден одағын құру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда өткен Кеден одағы жоғарғы органының мәжілісінде осындай мәлімдеме жасады.
«Ең маңызды мәселе - біздің тәуелсіздігіміздің мәселесі, ең алдымен - біздің ұлттық мүддеміз. Біздің компанияларымыз, біздің азаматтарымыз Кеден Одағының құрылуынан басымдықтар көруі керек. Кеден Одағын құру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды», - деді К.Мәсімов.
Ол сондай-ақ, 2010 жылғы шілденің 1-інен бастап Қазақстан мен Ресейдің арасындағы кедендік шекараның алынып тасталуы «Қазақстан-2020» Стратегиялық жоспары мен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясындағы жобалар күшіне енген соң, шығарылуы арта түсетін қазақстандық өнімдердің өткізілу нарығын кеңейте түсетінін атап көрсетті.