Кеден одағында Қазақстанның ұлттық мүдделері қорғалды - ҚР Үкіметінің басшысы
Үкімет басшысы отырыс барысында Қазақстан мен Ресей Кеден одағының екінші кезеңін - осы жылғы шілденің 1-інен бастап жүзеге асыруға уағдаласты және тиісті шартқа қол қойды, деп атап өтті.
«Біз Кеден одағының екінші кезеңі туралы уағдаластық. Өкінішке орай, беларус тарапы әзірше екінші кезеңге қосылған жоқ, дегенмен таяу арада тиісті шешім қабылданады деп сенеміз», - деді К.Мәсімов.
ҚР Үкіметі басшысының айтуынша, келіссөздер нәтижесінде Қазақстан көптеген оң шешімдерге ие болды.
«Біріншіден, ұлттық мүдделер қорғалды, енді шешімдер (Кеден одағы ауқымында) өзара уағдаластық бойынша ымыраласу жолымен шешіледі, - деп атап өтті К.Мәсімов. - Екіншіден, біз автомобильдерді әкелуді белгілі бір сәтке дейін (Бірыңғай экономикалық кеңес құрылғанға дейін) бұрынғы схема бойынша жеткізу жөнінде уағдаластық. Яғни Қазақстан халқы қосымша артықшылықтарға ие болады.
К.Мәсімов сондай-ақ Кеден одағының даулы мәселелерін шешу үшін Астанада соттар деңгейінде арнайы топ құрылатынын хабарлады. «Ең басты мәселе - біздің тәуелсіздігіміз. Біздің ұлттық мүдделеріміз қорғалды және бұдан былай да қорғалатын болады. Біздің компанияларымыз, адамдар қазірде Кеден одағы құрылуының артықшылықтарын сезінуі тиіс», - деп қорытты сөзін ҚР Үкіметінің басшысы.