Кеден одағының екінші кезеңі белгіленген мерзімде жұмысын бастайды - Кәрім Мәсімов

АНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Кеден одағының екінші кезеңі белгіленген уақыттан - осы жылғы шілденің 1-інен жұмыс жасай бастайды.
None
None

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда Кеден одағы жоғарғы органы отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде айтты.

«Мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша Кеден одағын дамытудың екінші кезеңі бүгін қол қойылған халықаралық шарттарға сәйкес, біздің уағдаласқанымыздай, ағымдағы жылғы шілденің 1-інен жұмыс жасай бастайды», - деді К.Мәсімов.

«Бұл ұстанымды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдап отыр», - деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Кеден одағы жоғарғы органы отырысының қорытындысында Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары Кеден одағын қалыптастыру ауқымында халықаралық келісімдерді қолдану туралы шартқа қол қойды.

К.Мәсімовтің айтуынша, Кеден одағы әрбір үш елдің ұлттық экономикаларының дамуына сай келетінін және тиімділігін тағы да дәлелдеді.

Атап айтқанда, Қазақстан экономикасы, соның ішінде Кеден одағы ауқымындағы дамудың арқасында ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 7 пайыздан астам өсімге қол жеткізді, деп атап өтті К.Мәсімов.

ҚР Премьер-Министрі Беларус та таяудағы уақытта осы шартқа қосылатынына сенім білдірді. «Тұтастай алғанда, біздің қатынастарымызды дамытуда кезекті маңызды қадам жасалды деп санаймыз», - деп қорытты сөзін ҚР Үкіметінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар