Кеден одағының комиссиясы бажсыз сауда тауарларының тізімін анықтады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресей, Беларусь және Қазақстанның Кеден одағы комиссиясы қымбат металлдар мен асыл тастардан жасалған әшекей бұйымдар мен басқа тұрмыстық заттарды бажсыз сауданың кедендік үдерістерін пайдалануға болмайтын тауарлар қатарынан алып тастады. №375 сәйкес шешімді Кеден одағы комиссиясы жариялады.
None
None

Бажсыз сатуға тиым салынған тауарлар тізіміне әскери сипаттағы, оқ-дәрі, әскери қару-жарақтар, есірткі және еліктіргіш заттар, өнідірістік және әскери-техникалық сипаттағы тауарлар, ауыр салмақты және үлкен тауарлар, этил спирті, жеке саудаға арналған тауарлар кіреді.

Сонымен қатар, бажсыз саудаға балықтан жасалған тауарлар мен басқа да су омыртқасыздарынан жасалған тауарлар; уылдырық пен жекелеп сату үшін оралған және міндетті түрде пайдалану үшін, салмағы 0,5 келіден аспайтын уылдырақтан жасалған тауарлар: салмағы 0,25 келіден аспайтын арнайы маркамен қапталған ерекше тұқымдас балықтардың уылдырықтары: медициналық мақсатта дәрігердің тағайындауынсыз пайдалануға болатын және Кеден одағына мүше мемлекеттерде бекітілген ереже бойынша тіркелген, жеке саудаға арналып оралған дәрі-дәрмектер; ағаштан немесе металлдан жасалған кәде сыйлар жатады.

Бұл шешім 2010 жылғы қазанның 20-сынан бастап өз күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар