Кеден одағының комиссиясы Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың мәселелерін талқылады

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Ресей, Беларус және Қазақстан елдері Кеден одағы комиссиясы сейсенбі, қыркүйектің 21-інде Мәскеуде өткен отырыста Бірыңғай экономикалық кеңістік құрумен байланысты мәселелерді талқылады.
None
None

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрудың аясында 20 шақты Келісім әзірленіп жатыр, Комиссияның бүгінгі отырысында сол құжаттарды дайындаудың барысы талқыланды. Басымдықты құжаттардың бірі - «Келісілген макроэкономикалық саясат туралы» келісімнің жобасы болып табылады. Бұл Келісімнің негізгі мақсаты - тараптардың келісілген макроэкономикалық саясатын жүргізудің бағыттарын анықтау және оны келісудің қағидаларын, тетіктері мен ретін қалыптастыру.

Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу тараптардың макроэкономикалық көрсеткіштерін жақындастыруға және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің аумағында тұрақты макроэкономикалық жағдайды қалыптастыруға, ішкі орнықтылықты арттыруға, тарап экономикаларының бірыңғай қызмет қағидаларын қалыптастыруға және олардың тиімді қарым-қатынастарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ықпалдастықты тереңдетуге қолдау болады.

Комиссияның кеше өткен 19-шы мәжілісі Кеден одағының қызмет мәселелеріне арналды. Тараптар Кеден одағының біртұтас кедендік аумағында арнайы қорғаныс, антидемпингілік және өтемақылық шараларға ауысу мәселесін, антидемпингілік реттеудің бірыңғай жүйесін, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар